Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін «уағызшы» ретінде танымал Дарын Мубаровты жауапқа тартты, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған болатын. Осылайша, Мубаров бір жыл ішінде заңталаптарын қайта елемеген.
Аталған дерек негізінде ДІБ қызметкерлері ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау). Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалып, оның сомасы 865 000 теңгені құрады, деп жазылған Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мәліметінде.
Діни басқарма бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтаудың маңыздылығын және діни мазмұндағы материалдарды таратудың белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеуді еске салып отыр.