Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Демеу Жадыраев - Олимпиаданың күміс жүлдегері

Спорт
Демеу Жадыраев - Олимпиаданың күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен 77 келідегі ұлттық құраманың мүшесі Демеу Жадраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Ол финалда биыл Азия чемпионы атанған жапон Нао Кусакаға есе жіберді. Есеп: 2-5.

Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген.

Отандасымыз Токиодағы өзінің алғашқы Олимпиадасында алғашқы айналымда Сёхэй Ябикудан (Жапония) жеңіліп қалған.

ДЕМЕУ ЖАДРАЕВТЫҢ ФИНАЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:

1/8 айналым. Хаир Алексис Куэро (Колумбия) 9-0.

Ширек финал. Ақжол Махмұдов (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы) 3-1.

Жартылай финал. Санан Сулейманов (Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері) 6-1

Финал. Нао Кусака (биылғы Азия чемпионы, былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Фото: Турар Казангапов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу