Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Денис Тен қазасынан сабақ алған жоқпыз

Мәдениет
Денис Тен қазасынан сабақ алған жоқпыз

Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлап, сатып жүргендер ұсталғанын Polisia.kz. хабарлады.

"Бұрын мүліктік қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылғы ер адам ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлап,  "Кар сити" сауда үйінде сатушыға сатқаны анықталды.

"Сатып алушы 1985 жылғы ер адам да жедел іс-шаралар барысында ұсталды. Ұрланған мүлікті сатып алушы одан әрі жұмыс орнында сатқаны белгілі болды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Алматы криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Қымбат көліктердің айнасын ұрлау бір адамдардың "нәпақасына" айналғалы қашан. Осындай ұрылардың қолынан 2018 жылы Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болған еді. Өлімнен сабақ алмайды екенбіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу