457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чикунгунья безгегінің белгілері аталды

Астана, malim.kz. Чикунгунья вирусының басты белгісі - буындардағы қатты ауырсыну.

Tengrinews.kz басылымы медицина ғылымдарының докторы, профессор, вирусолог Виктор Зуевтың сөздерін келтіреді.

Дәрігердің айтуынша, "чикунгунья" сөзі қытай тілінен "иілу" деп аударылады, себебі вирус буындарды зақымдайды, ал адамдар ауырсынудан бүгіліп кетеді.


"Бұл аурудың негізгі белгісі - буындардың зақымдануы. Инкубациялық кезеңі 2–12 күнге созылады. Осыдан кейін адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, буындарында өте қатты ауырсыну пайда болады. Адам шынымен бүгіліп қалады", -


деген вирусолог.

Зуевтің айтуынша, аурудың басқа белгілеріне бөртпе қосылуы мүмкін.


"Ауру әдетте аса асқынусыз өтеді, бірақ бәрі ағзаға байланысты. Өлім-жітім деңгейі төмен, дегенмен жүкті әйелдер мен қарт адамдар сақ болуға тиіс", -


деп ескертті маман.

Чикунгунья безгегінің өршуі Қытайдың Гуандун провинциясында тамыздың басында тіркелген. Елдің оңтүстігіндегі Фошань қаласында жеті мыңнан аса адам жұқтырып, жалпы Қытай бойынша науқастар саны 10 мыңнан асты. Вирус таралуына байланысты Қытай үкіметі ел көлемінде COVID-19 кезеңіндегі профилактикалық шараларды енгізді. Чикунгунья безгегі - қансорғыш жәндіктердің шағуы арқылы адамға жұғатын вирустық инфекция. Аурудың негізгі тасымалдаушылары - сары безгек пен денге сияқты басқа да вирустық безгектердің қоздырғыштарын жеткізе алатын екі түрлі маса.

 

Фото: BezFormata