Дәрілерге қойылған код неге оқылмайды? Министрлік түсініктеме берді

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді. Алайда сатып алушылар тарапынан “Naqty Onim” қосымшасы арқылы кодты сканерлегенде неге ақпарат әрдайым шықпайтыны туралы сұрақтар жиі туындауда, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі былай деп түсіндірді: егер препарат 2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылса, оған таңбалау талабы қолданылмайды. Ал егер ол осы күннен кейін өндірілген болса, бірақ қосымшада деректер көрінбесе — бұзушылық туралы “Көмек” бөлімінде хабарлауға болады.
Министрлік сондай-ақ биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық бұйымдар әзірге міндетті таңбалауға жатпайтынын атап өтті. Сондықтан оларда код болмауы — заңбұзушылық болып саналмайды. Қазіргі уақытта бұл тауар түрлері бойынша пилоттық жобалар әзірлену сатысында.
Фото: pixabay.com