Былтыр есірткі құралдары айналымына қатысы бар 226 медицина қызметкері жауапқа тартылған – ІІМ

Олар «Дәрмек» шаралары барысында анықталған

Мәди Саматұлы

  • 15.01.2025

2024 жылы Ішкі істер органдары «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын 3 рет өткізіп, есірткі заттарының заңды айналымы саласында 38 қылмыстық және 633 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтің сөзінше, оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелердің бұзылуының 260 дерегі анықталған. Нәтижесінде 500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мәселен, Түркістан облысында 48 жастағы жүргізуші ұсталып, оның көлігінен полиэтилен пакеттері мен қораптар табылған. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық «трамадол» таблеткасы тәркіленген. Аталған препарат опиоидты топтағы есірткі заттарына жатады және арнайы тізімге енгізілген.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

21.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

"Хуторлықтар ісі": Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Талғардағы атышулы"Хуторлықтар" қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов BES.media тілшісіне мәлімдеді

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды