Іріктеуден өткен 20 психолог алғашқы семинар-практикумге қатысты

«Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясындағы 5 компонентті оқыту курсының алғашқы семинар-практикумы «Жастар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында өтті.

Malim Админ

  • 15.08.2024

Семинар «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінде 10.00 – 18.00 аралығында өтіп, мамандар психолог, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, сертификатталған бизнес тренер, PhD кандидат Абдрахманова Сымбат Нуртазаевнадан білім жетілдірді. 

Тренингтің жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесі туралы ақпараттандыру, қатысушыларды алдын алу және араласу әдістеріне үйрету, сихикалық денсаулық мәселелерін ашық талқылау үшін қауіпсіз кеңістік құру мақсаттарын қамтыды.

Мамандар оқыту барысында жеке және топтық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, “Психикалық денсаулықты түсіну”, “Суицидтің ескерту белгілері”, “Алдын алу әдістері”, “Дағдарыс әрекетінің жоспарын қалай құруға болады?”, “Психодиагностикадағы жаңа әдістер”, “Психотерапиялық элементтерді қолдану арқылы коррекциялау” тақырыптарын меңгерді.

Бұған қоса, 20 психолог маман республикалық деңгейдегі сарапшының қолдауымен тәжірибелік жұмыстар да жүргізді. Ертең мамандар «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында семинар-практикумға қатысып, тәжірибе арттыратын болады.

Фото: Жеке мұрағат
 

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

18.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

БҰҰ басшысы сауда соғысының қауіпті екенін ескертті

06.04.2025

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

05.04.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

БҰҰ басшысы сауда соғысының қауіпті екенін ескертті

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды