Қазақстандықтар биылдыққа емханаларда 103 млн рет қаралған

Дәрігерлерге қаралу ауылдық жерлерде де артқан

Мәди Саматұлы

  • 13.12.2024

Жыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны 81,3 млн-ды құраған, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жеткен.

Оң үрдіс ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде де байқалады. Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн рет қаралған. Оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде тіркелген, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жеткен. Арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өскен.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейгенін жазған едік. Қараша басталғалы қала тұрғындары ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне қайта-қайта шағымданған. 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks