Ұлттық ұлан сарбаздары ет, сірне, бауырсақ жейтін болды

Сарбаздарды патриоттық рухта тәрбиелеудің бір жолы

Malim Админ

  • 31.01.2025

Әскери қызметшілердің рационына өзгерістер енгізілді. Бұл бастама қазақ халқының ұлттық тағамдарын танымал ету мен мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Бұл туралы Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Жаңартылған әскери рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар кіреді.

Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу — бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам, — дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала қазақ тамақтану академиясымен келісілген. Себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады, — дейді Ұлттық ұланнан.

Айта кетсек, Ұлттық ұлан қоймасындағы азық-түлік қорының жарамдылық мерзіміне цифрлық бақылау енгізілді. 

Фото: el.kz  

 

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды