Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Құдайберген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен танысқан сәтін еске алды

Шоу-бизнес
Димаш Құдайберген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен танысқан сәтін еске алды

Отандық мегажұлдыз қытайлық CCTV телеарнасының "Идеялар өзгертеді" жобасына қатысып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен осыдан жеті жыл бұрын жүздескенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы "I am a Singer" жобасынан кейін кездескен едім. Ән айтып болғаннан кейін, маған ол кісі келіп, өнерім мен шығармашылығыма жоғары бағасын берді. Тіпті бата беріп, ерекше әсерге бөледі. Әйелі де менің жұмысымды бақылап жүретінін айтып, ерекше әсерлендірді. Ол кездесу мен үшін өте қуанышты жағдай еді. Мен президенттерге артылған жүктің ауыр екенін түсінемін. Екі елдің достығына орай, екі ән жазғаным есімде. Бірінші ән қытайша, екіншісі қазақша жазылды, – деп жеті жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі Қытай басшысының өмірінде қандай адам екенін де айтып берді.

Бірден байқағаным – ол кісі рухани тұрғыда кемелденген адам. Әнді толыққанды түсінуге тырысып, сезініп, толғанады. Жалпы өте мәдениетті кісі екені бірден аңғарылады, – деп жауап қатты халық әртісі.

Фото: t.me/bort_01

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу