Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды

Спорт
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды
Фото:Topranking

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. 

Аталған тізімде Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында бірінші орындағы позициясын сақтап қалған.

Сондай-ақ IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсан айында допинг дауына ілігіп, үш чемпиондық белбеуді біріктіруге тиіс болған жекпе-жегі өтпей қалған еді.

Осыдан кейін Әлімханұлы мен оның командасы тыйым салынған заттарды қолданбағанын мәлімдеп, В-пробаны қайта тексеруді талап етті.

8 қаңтар күні спортшының В-сынамасы ашылды. Алайда әзірге ресми қорытынды жарияланған жоқ. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы барлық титулдан айырылуы мүмкін екені айтылған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу