freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ДСМ Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Денсаулық
ДСМ Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
istockphoto.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әәлемнің бірнеше елінде таралған Эбола дертіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Министрліктің мәліметінше, қазір таралып жатқаны түріне қарсы вакцина да, ем де жоқ.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ», - деп хабарлайды министрлік. 

Дәрігерлер Эбола вирусы қалай жұғатынын да ескертіп отыр. Яғни, вирус жұқтырған адам немесе жануарлар оны негізгі таратушы болады.

«Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн. Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды», - деп хабарлайды ДСМ. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу