freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дуров: Ресейде маған қарсы қылмыстық іс қозғалды

Әлем
Дуров: Ресейде маған қарсы қылмыстық іс қозғалды
Фото: TuckerCarlson / YouTube

Павел Дуров өзіне қарсы Ресейде қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, іс «терроризмге жәрдемдесу» бабы бойынша қозғалған.

Ресей билігі күн сайын ресейліктердің Telegram-ға қол жеткізуін шектеу үшін жаңа сылтаулар ойлап тауып жатыр. Осылайша жеке өмірге қолсұқпаушылық пен сөз бостандығы құқығын тұншықтырғысы келеді, — деп жазды Дуров өзінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін Российская газета басылымында Павел Дуровтың әрекеттері террористік қызметке жәрдемдесу ісі аясында тергеліп жатқаны туралы мақала жарияланған болатын.

«Иван Петров ФСБ материалдары негізінде» дайындаған материалда «диверсиялық-террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар», «әскери комиссариаттарды жару мен өртеу әрекеттерін, кісі өлтіруді ұйымдастыру», әскерилер мен «пікір көшбасшыларына» жасалған «тікелей шабуылдар» туралы айтылған.

Осыған ұқсас мақала бір мезгілде Комсомольская правда газетінде де жарық көрді.

Жарияланымдар Telegram мессенджерінің жұмысын баяулату шараларының күшеюі және БАҚ-та мессенджерді толық бұғаттау мүмкіндігі туралы хабарламалар аясында пайда болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу