freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дзюдошы Есмигүл Куюлова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

Спорт
Дзюдошы Есмигүл Куюлова Азия чемпионатында қола жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан балуандары алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйелдер арасында 63 келіде белдескен отандасымыз Есмигүл Куюлова шешуші белдесуде Қытайлық Тайпей балуаны Юань Пэй Чуньнен басым түсті. Осылайша отандық татами шебері маңызды турнирде үздік үштікке қосылды.

Ал Есмигүл Куюлова жарысты ширек финалдан бастап, оңтүстіккореялық Ким Еджиді жеңген болатын. Алайда финалға жолдама үшін отандасымыз солтүстіккореялық Ким Джи Хеге жол беріп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, ҚР ұлттық құрамасы сапында 81 келіде Әділет Алмат Азия чемпионы атану үшін финалда күрессе, аталған салмақта тағы бір балуанымыз Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін татамиге шығады.

Кеше Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлде үшін күресіп, бесінші орынға тұрақтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу