457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да 120 мың гектар жерді шегіртке басты

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының тұрғындары шегіртке қаптап кеткенін айтып отыр. Ақпарат пен видеоны “Уральская неделя” басылымы жариялады.


Ресми мәлімет бойынша, қазір 120 мың гектар жерді шегіртке басқан.

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан шегіртке қаптағанын растаған. Ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясының жетекшісі Ерлан Орынбаев биыл шегірткелер ерекше көп екенін табиғи циклдықпен түсіндіреді. Айтуынша, 10-12 жылда ол шарықтау шегіне жетеді. Қазір шегірткеге қарсы шаралап жүріп жатыр.

29 мамыр күнгі мәлімет бойынша БҚО-да 126,1 га аумақты шегіртке басқан. Шегірткемен күреске 312 млн теңге бөлінген. Жалпы республика бойынша 7,1 млрд теңге бөлінген.  

Фото: видеодан скрин