БҚО-да жол апатынан 4 адам тірідей өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысындағы автожолда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін редакция Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
«2025 жылғы 17 шілде күні сағат шамамен 15:00-де Орал – Озинки автожолының 64-шақырымында, Усихино ауылының маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы оболды. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан Chevrolet Aveo автокөлігінің жүргізушісі КамАЗ жүк көлігін басып озбақ болып, рульлге ие бола алмай, жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
БҚО ПД барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Кез келген ережебұзушылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Рульде мұқият әрі жауапты болыңыздар.
Фото: instagram.com/uralsk_week/

Ең көп оқылған
