Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 сәуірде бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында үсік 2 градус.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), шығысында, орталығында жаңбыр жауады, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с.
Маңғыстау облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ұлытау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Астанада шаңды дауыл тұрады. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
Фото: istockphoto.com