Түркістан облысында марокко шегірткесі қаптады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы шегірткенің таралу аумағы 2,1 млн гектарға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы күнге дейін жауапты мекемелер 14 өңірде 464 мың гектар жердегі шегірткені улаған.
22 мамырға дейін елімізде 2,8 млн гектар жер тексерілді. Оның ішінде 498 мың гектар аумақтан шегіртке ошақтары анықталып, химиялық өңдеу басталды.
4 625 адам мониторинг пен өңдеуге тартылған.
Жұмысқа 443 арнайы техника тартылған.
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталайын деп қалған.
Жамбыл облысы «Италья прусы» тектес шегірткеге қарсы күресіп жатыр.
Түркістан мен Жамбылдағы шегірткелерді құрту үшін бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінгенін айта кетейік.
Фото: istockphoto.com


Ең көп оқылған
