Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған. 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын әжетханаға абайсызда құлап кеткен.
Құтқарушылар баланы сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған.
"Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органның күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың сүйегі сыртқа шығарылды", - деді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.