Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экономика саласындағы Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді

Экономика
Экономика саласындағы Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді

2025 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығын инновациялардың прогрестің негізгі қозғаушы күші екенін ғылыми тұрғыда түсіндірген үш ғалым иеленді, деп хабарлайды Malim.kz Нобель комитетіне сілтеме жасап.

Швецияның Корольдік ғылым академиясы Альфред Нобельдің құрметіне берілетін Швед мемлекеттік банкінің экономика ғылымдары саласындағы сыйлығын АҚШ ғалымы Джоэл Мокирге, Франция мен Ұлыбритания өкілі Филипп Агийонға және АҚШ-тың тағы бір ғалымы Питер Хауитке табыстады. Лауреаттар «инновацияларға негізделген экономикалық өсуді түсіндірудегі үлесі үшін» марапатталды.

Премия көлемі — 11 миллион швед кроны. Оның жартысы Джоэл Мокирге технологиялық прогресс арқылы тұрақты өсудің алғышарттарын анықтағаны үшін берілсе, екінші жартысын Филипп Агийон мен Питер Хауит «шығармашылық жойылу» (creative destruction) арқылы тұрақты экономикалық өсудің теориясын негіздеген еңбектері үшін бөліседі.

«Лауреаттардың жұмысы экономикалық өсуді өздігінен бола беретін процесс ретінде қабылдауға болмайтынын көрсетеді. Біз тоқырауға ұрынбас үшін шығармашылық жойылудың негізінде жатқан тетіктерді үнемі қолдап отыруымыз керек», — деді экономика саласындағы Нобель сыйлығын табыстау комитетінің төрағасы Йон Хасслер.

Мамандар атап өткендей, соңғы екі ғасырда адамзат тарихында алғаш рет тұрақты экономикалық өсудің куәсі болып отыр. Бұл үдеріс миллиондаған адамды кедейліктен шығарып, қазіргі өркениеттің материалдық негізін қалыптастырды.

Фото: facebook.com/nobelprize

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу