42  млрд теңге. Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер

Олардың қатарында Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс министрліктері бар.

Malim Админ

  • 12.05.2022

Министрліктер 42  млрд теңгені игермеген.  Қаржы министрі Жамаубаев Үкімет отырысында бюджет қаражатын игерілмеу себептерін айтты.

Әсіресе Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінде қаражаттың игерілмеуі көп байқалады. Оның негізгі себептері - шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілмеуі.

Жергілікті бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгені құраған және 42 млрд теңге игерілмей қалған.Биылғы 4 айда республикалық бюджеттен 5,6 трлн теңге жұмсалған.  Және 8 млрд теңге үнемделді.  

Қаржы министрі «Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 5,6 трлн теңге жұмсалды», - деді. Сонымен бірге, атқарылмай қалған 31 млрд теңгенің 8 млрд теңгесі үнемделген, ал 23 млрд теңгесі игерілмей қалған.     
 
Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

06.05.2025
MalimBlocks