Алтынның бағасы 3 мың долларға жақындады

Бұл - 2025 жылы нарықтағы 12-ші ең жоғары көрсеткіш

Malim Админ

  • 14.03.2025

13 наурызда алтынның бағасы рекордтық деңгейге көтеріліп, бір унция үшін 3 мың долларға жақындады, деп хабарлайды CNBC.

Алтынның спот бағасы 1,6% қымбаттап, унциясы үшін 2 977,36 долларды құрады. Бұл — 2025 жылы нарықтағы 12-ші ең жоғары көрсеткіш.

Жыл басынан бері бағалар 2024 жылы 27%-ға жылдам өскеннен кейін 14%-ға жуық өсті. АҚШ-та алтын фьючерстері 1,4%-ға өсіп, 2989 долларды құрады. 

Алтын ұзақ мерзімді «бұқалар» нарығында тұр. Бағалар биыл 3000 доллардан 3200 долларға дейін өзгереді деп болжап отырмыз, — деді «Allegiance Gold» бас операциялық директоры Алекс Эбкариан.

АҚШ президенті Дональд Трамптың тұрақсыз сауда саясаты инвесторлар геосаяси және экономикалық күйзеліс кезінде сатып алғанды жөн көретін алтынның бағасын шарықтатып отыр.

Тарифтердің өзгеруіне қатысты жалғасып жатқан белгісіздік шынымен алтынға деген тәбетті күшейтіп келеді — деді «Standard Chartered» сарапшысы Соки Купер.

Тағы бір себеп — Қытай Халық банкінің Қытай ақпан айында төртінші ай қатарынан алтын сатып алуын жалғастырғаны туралы деректер.

Фото: 365info.kz


 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

20.05.2025

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

20.05.2025

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

19.05.2025

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның таулары бар, бірақ туристері жоқ: неге?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады