Атырау облысында жалпы ішкі өнім 6,7 трлн теңгеге жетті

Жалпы құны 46,1 миллиард теңгеден асатын 8 жоба іске қосылды

Malim Админ

  • 03.12.2024

Биыл Атырау облысында жарты жылдың ішінде жалпы ішкі өнімнің көлемі 6,7 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

— Биыл жарты жылда облыста жалпы ішкі өнімнің көлемі 6,7 трлн теңгеге жетті. Осылайша республиканың жалпы ішкі өніміне біздің облыстың экономикасы 12,7% үлес қосып отыр. Сондай-ақ биыл 10 айда өңірге түскен салық және басқа да түсімдердің көлемі 3,6 трлн теңгені құрайды, — деді Серік Шәпкенов облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп бере тұрып. 

Одан әрі әкім өңір дамуына инвестиция тарту шараларына тоқталды. 

— Қаңтар-қазан айларында өңірде 1,7 трлн теңге көлемінде инвестиция құйылды. Оның ішінде 1,1 млрд АҚШ доллары шетелден тікелей тартылды. Бүгінде Теңіз кен орнында «Болашақ кеңейту» жобасы аяқталуға жақын, биыл бұл жобаға 840 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде жалпы құны 46,1 миллиард теңгеден асатын 8 жоба іске қосылды. Жалпы жыл соңына дейін аймақта құны 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз, - дейді ол. 

Сондай-ақ Серік Шәпкенов еліміздің мұнай-газ химиясының дамуына серпін беретін полиэтилен өндіретін газ өңдеу зауытының салынып жатқанын айтты.

Фото: sendit.ru  

Байланысты жаналықтар

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

29.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

21.03.2025
MalimBlocks
"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен

2025 жылы қанша адам банкрот деп танылды?

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды