Биыл елімізде 15 мыңдай шетелдік жұмыс істей алады

Шетелдік жұмыс күшінің квотасы белгіленді

Мәди Саматұлы

  • 08.01.2025

2025 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,2% мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді. Бірінші санат бойынша – 649 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 254 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 718 және 1 161 бірлік. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 4 097 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қарай 3% мөлшерінде белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 14,5 мың рұқсат беріп, ұзартқан еді. Бұл белгіленген квотаның 66%-ын (22 мың) құрады.

Қазір Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 233 шетел азаматы жұмыс істейді.

2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға 294,1 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 292 668 рұқсат берді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025

Шетелден қаржыландырылатын тұлғалар тізімі жарияланды

18.03.2025

Шетелдегі қазақстандықтар бюджетке 5,4 млрд теңге жіберді

25.02.2025

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

13.02.2025

Қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы белгіленді

08.01.2025
MalimBlocks
Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті

Шетелден қаржыландырылатын тұлғалар тізімі жарияланды

Төменде толық тізім көрсетілді

Шетелдегі қазақстандықтар бюджетке 5,4 млрд теңге жіберді

Наурыз айында шетелден әкелген телефондар бұғатталатыны рас па?

Қандастар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасы белгіленді

Биыл солтүстік пен шығысқа 9 653 адам қоныстанбақ