Шетелдегі қазақстандықтар бюджетке 5,4 млрд теңге жіберді

Сабина Асқарқызы

  • 25.02.2025

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттердің салық органдарынан алынған ақпарат негізінде Қазақстанның 2 мыңнан астам резидентіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Нәтижесінде 1602 азаматтың 5,4 млрд теңгеге салық төлегені белгілі болды.

Қазынаға келген қаражат дивидендтер мен сыйақы түрінде түскен. Оның ішінде ең көп бөлігі Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Түркия және т. б. елдерге тиесілі.

Қазіргі таңда оффшорлық юрисдикцияларда ашылған азаматтарымыздың банктік шоттарындағы ақша сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтынын айта кетейік.

Ең көп сома Панама республикасы 1,2 млрд теңге, Вануату 0,2 млрд теңге, Сан-Марино 0,1 млрд теңге сияқты елдерге және т. б. тиесілі.

Қазақстан CRS шеңберіндегі ынтымақтастық географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Егер 2021 жылы деректер алмасу 51 юрисдикциямен жүзеге асырылса, 2024 жылы олардың саны 89-ға жетті, оның ішінде 26 оффшорлық ел. ЭЫДҰ әзірлеген бұл тетік капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресте маңызды құрал болып табылады және шетелде шоттары бар қазақстандықтардың кірістерінен салықтарды тиімді әкімшілендіруге көмектеседі.

Фото Pexels.com

Байланысты жаналықтар

Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

10.04.2025

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

09.04.2025

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

09.04.2025

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025
MalimBlocks
Лотерея ұйымдастырған блогерлерге қылмыстық іс қозғала ма?

Қазақстанда кейбір блогерлерге қатысты тексерулер басталады

Елімізде енді ажырасу да қымбаттамақ

Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды

Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді