Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

Сабина Асқарқызы

  • 09.04.2025

 Қазақстандықтарға шет мемлекеттің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде шет мемлекеттердің Қарулы күштерімен ақылы шарт жасасуға үгіттейтін жарнамалық материалдар мен видеолар таралып жатыр. Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – делінген ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Егер Қазақстан Республикасының азаматы жалдамалылық белгілері жоқ жағдайда шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери әрекеттерге қасақана заңсыз қатысса, Қылмыстық кодекстің 172-бабына сәйкес, (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ал (Қылмыстық кодекстің 170-бабы (жалдамалық) бойынша жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру немесе мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды және құқықтық салдары ауыр болуы мүмкін әрекеттерден аулақ болуды қатаң түрде ұсынады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін  «Өмір сүргім келеді»жобасы Ресей әскері сапында соғысып жүрген қазақстандықтардың тізімін жариялаған болатын. Тізімде жалпы 661 адам бар. Олардың 78-і қаза болған. 

Фото: TASS

Байланысты жаналықтар

Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

20.04.2025

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

19.04.2025

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

19.04.2025

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

19.04.2025

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

18.04.2025

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін

18.04.2025
MalimBlocks
Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

АҚШ Қырым Мәскеу мен Киев арасындағы кеңейтілген бейбіт келісімнің бір бөлігі болса, онда оны Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындауға дайын екенін айтты

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерден шығып кетуі мүмкін