freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ташиевтің күйеу баласы алаяқтық ісі бойынша ұсталды

Әлем
Ташиевтің күйеу баласы алаяқтық ісі бойынша ұсталды
Әлеуметтік желіден

Жалал-Абад гарнизонының әскери прокуратурасы ҰҚМК-ның бұрынғы қызметкері Азамат Дыйқанбаевты ұстады, деп хабарлайды Malim.kz 24 .kg сайтына сілтеп.
Оған қатысты «Қызметтік жағдайын пайдаланып жасалған алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қадағалау органының мәліметінше, Дыйқанбаев Манас аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және оған қатысы болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Азамат Дыйқанбаевтың есімі Манас ауданындағы кәсіпкердің көлігіне қатысты оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда аталған болатын. Алайда құқық қорғау органдары қазіргі қылмыстық істің сол оқиғалармен байланысы бар-жоғы жөнінде әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Дыйқанбаев ҰҚМК-ның бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиевтің күйеу баласы болып табылады. Әр жылдары ол ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде қызмет атқарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу