freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Оқиға
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік төрағасының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады.

Марат Омаров аталған Жарлықты орындау аясында квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндады. 

Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді. 

Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңге. Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.  Соның арқасында жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесі 6,2 – 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою жұмыстары, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдардан арылу бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі бастамалар туралы мәлімет берді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды.

Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу