Биыл зейнетақы мен жәрдемақы 14%-ға өсті

Салаға 6,1 трлн теңге қарастырылған

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығыстары 6 трлн 108 млрд теңгеден астам қаражатты құрады. Бұл 2024 жылғы шығыстардан 14%-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, көзделген шығыстардың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге – барлық жәрдемақыларды төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталмақ.

Жалпы республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. Былтыр жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.

Фото: Жансерік Күзембай

Байланысты жаналықтар

Салық төлеудегі жаңа талаптар: не өзгереді?

08.04.2025

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

01.04.2025

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

31.03.2025

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

28.03.2025

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

27.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025
MalimBlocks
Салық төлеудегі жаңа талаптар: не өзгереді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар туралы айтты

Декрет демалысындағы әйелдердің төлемі қысқартылды

Болашақ ана айына бірнеше миллион табыс тапса да, енді оның жәрдемақысы ең көп дегенде 595 мың теңге кіріске қарай есептеледі

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

Армения 2024 жылы ұйымды қаржыландырудан ресми түрде бас тартқан еді

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

PR маманы, журналист, қаржы саласының маманы Айбар Олжаев ҚҚС мен кәсіп туралы сөз қозғады

АҚШ "Азаттық радиосын" қаржыландыруды қайта бастады

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді