Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы
Егер 1994 жылғы девальвация болмаса, қазіргі уақытта теңге курсы 500-ге жетпес еді, әрі оған қатысты әңгімелерде «200-ге жете ме?» деп талқылап жатқан болар едік.
Фото: Nur.kz
Ютуптағы «Купол Юрты» подкастына сұхбат берген Ұлттық банктің экс-төрағасы, белгілі қаржыгер Григорий Александрұлы Марченко қазіргі девальвацияның сырын, Ұлттық қордың жағдайын және еліміздегі экономикалық саясат туралы кең көлемді сұхбат берді. Сонда айтылған ойлардың маңызды тұстарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Девальвация туралы
Сұхбаттасқан журналист Ақмарал Баталова Ұлттық банкті басқарып тұрған кезінде, 2009 жылы теңгенің құнсыздану себебі сұрады. Марченко ең үлкен девальвация 1994 жылы болғанын, соған назар аудару қажеттігін еске алды.
– Еліміздегі ең үлкен девальвация қашан болды? 2009 жылы 25% болды. Ал айрықша девальвация 1994 жылдың ақпанында болды. Сол кезде курс бір айдың ішінде 11-ден 40-қа дейін құлдырады, яғни 3,5 есе құнсызданды. Бұл девальвация Үкіметтің, яғни Терещенконың ұсынысымен жүзеге асты. Ол көп ақша шығарып, оны кәсіпорындарға таратуға бұйырды, ал олар қарыздарын жауып, бір-бірімен есеп айырысты. Президент Ұлттық банкке ескерту жасамады. Сондай-ақ, коммерциялық банктердің басшылығы бұл ұсынысқа қарсылық білдіргенімен, оларды тыңдамай, президенттің жарлығы қабылданды. Осыдан кейін курс 3,5 есеге төмендеді.
Мен 1994 жылы АҚШ-тан оралғанда, инфляция бір айда 46,5% болғанын білдім. Жағдай өте қиын болды. Бірінші Президент өз мемуарларында бұл туралы айтпайды. Осы жайтты ұмытты ма, әлде әдейі еске алғысы келмей ме, білмеймін. Бірақ бұл шынымен макроэкономика үшін өте қате шешім болатын. Егер 1994 жылғы девальвация болмаса, қазіргі уақытта теңге курсы 500-ге жетпес еді, әрі оған қатысты әңгімелерде «200-ге жете ме?» деп талқылап жатқан болар едік.
Ұлттық қор туралы
Біз бір кездері Норвегияға Президенттің тапсырмасымен арнайы барып, олардың қор құру тәжірибесін зерттедік. Содан кейін біз ТМД елдері арасындағы алғашқы болып Ұлттық қор құруға кірістік, бұл өте дұрыс шешім еді. Бірақ қордың алғашқы атауы қалай болғанын қазір ешкім еске алмайды, алғашқы атауы «Болашақ ұрпақ қоры» еді. Біз ол қорға қол сұқпау туралы міндеттеме алдық.
Курс нығайғанда, бәрі таңқалып жатады, өйткені бұл инфляциялық процестермен байланысты екенін көбі түсінбейді, әсіресе Ұлттық қормен тікелей байланысы барын білмейді. Ұлттық қорға қол сұқпаймыз деген міндеттемені ұмыттық, Нұрсұлтан Назарбаев саяси шешім қабылдап, қорды пайдалана бастады. Алғашында ол қордың активтерін валюта сатып алуға жұмсады, ол ақша министрлікке бюджетке түсетін. Кейін қор активтерін нарықта сату туралы шешім қабылданды, теңге курсын нығайтты. Егер ұлттық қор болмаса, бұл ақшалар нарыққа шықпаса, теңге курсы бірнеше жыл бұрын 500-ге жетер еді.
Қазір көп адам теңгені еркін айналымға жіберу керек деп айтады. Курс 1200 немесе 1500 болу керек дейді. Олар осылай етсек, экономика нығайып, импорт бәсеңдеп, өз өндірісіміз дамиды деген уәж айтады. Біз мұндай әңгімелерді 32 жыл бойы тынбай айтып келеміз. Өндірісті дамытамыз деген кезеңдерде болды. Ұлттық өндіріс дамуы үшін теңгені еркін айналымға жіберуден бөлек, көптеген ынталандыру керек.
Қайтадан девалвация туралы
2009 жылғы девальвация бәрінің есінде. Кейінгілер оны 25% емес, 50% деп сипаттайды, бәрі бұрынғыдай «сұмдық» дейді. Елімізде 2014 және 2015 жылдары үш девальвация болды. Бұл – факт. Сол кезде Қелімбетов пен Ақышев Ұлттық банк басшысы болды, курс 2,5 есе өскен еді, мұны да ұмытып кеттік. Бастапқыда 150, кейін 380 болды. Бұл бірқатар макроэкономикалық қателіктердің нәтижесі еді.
2014 жылы ақпанда ірі экспортшылардың қысымымен қажетсіз девальвация жасалды. Олар осылай етсек бәрі жақсы болады деп ойлады, бірақ олай болмады. Әрине, экспортшылар көп пайда тапты, шикізатты шетелге доллармен сатты. Олар 2013 жылы девальвация жасауға тырысқан еді, бірақ біз оған жол бермедік, ойларын 2014 жылы іске асырды
2015 жылы курс тағы да өзгеріп, екі жарым есе өсті, бірақ бұл қадам экономиканы дамытуға көмектеспеді. Жоғарыда айтылғандай, девальвациядан кейін ұлттық өндіріс көбейген жоқ. 1994 жылы да дәл осындай жағдай болған еді, курс 3,5 есе өскен. Сондықтан, қазіргі уақытта бізге осындай шара керектігін айтушылар нақты өндірісте жұмыс істемеген адамдар, олар тек теорияға сүйенеді. Алдағы уақытта жағдай өзгередеі деп ойлаймын. Тек девальвациямен экономикалық проблемаларды шешу мүмкін емес. Ондай байлам қате. Кадрларды дұрыс таңдамасаңыз, қаржыландыру, бақылау және маркетинг болмаса, ештеңе оңбайды.
Тәуелсіздіктің 32 жылында біз көптеген бағдарламалар мен эксперименттер жасадық. Қазір біз нені істемеу керектігін, нені істеу қажеттігін білеміз. Алайда жұмыс істеген нәрсені іске асыру әлдеқайда оңай, ал қолдан келмегенді қайта жасау әлдеқайда қиын.
Еуразиялық экономикалық одақ және ортақ валюта туралы
2002 жылы ТМД елдері арасында ортақ валюта туралы көп әңгіме болды. Одан бері 22 жыл өтті, бірақ оны енгізу болмайтыны анық. Ол жөнінде айтылғанның ешқайсысы орындалған жоқ. Әрине, мен 20 жылдан кейін не болатынын білмеймін, қазір бұл тек қана ниет пен тілек болып қалды.
Енді жергілікті мәселелерден аймақтық мәселелерге көшсек. Жақында біздің шенеуніктердің бірі Орталық Азия елдері арасындағы 85% төлемнің ұлттық валюталармен жүзеге асатынын айтты. Бұл жағдай өзгерді ме? Бұл мәселе 2001-2002 жылдары басталды, сол кезде біз біртұтас экономикалық кеңістікті құруды қолға алдық.
Назарбаев Мәскеуге ұшып бара жатқанда Путинге осы идеяны ұсынды, ол қолдады, Лукашенко да қосылды, ал Украина бұл процестен шығып кетті. Ортақ валюта енгізу идеясын талқылаған кезде, Қазақстанның позициясы әрдайым дұрыс әрі тәжірибелі адамдай әрекет етті. Біз Еуропалық Одақтың евро енгізу тәжірибесін негізге алдық. Ортақ валюта енгізуді, біртұтас Орталық банк құруды жоспарладық. Бұл банк Қазақстанда, Алматыда болуы тиіс еді. Мен осы келіссөздерге қатыстым, Путин Санкт-Петербургты ұсынды, бірақ біз Алматы болсын деп көндірдік. Ақыры нәтиже шықпады, өйткені Ресей рубльді ортақ валюта жасауды ұсынды. Бұл ұсыныс бізге жақпады.
Біз де өзіміздің валютамызды енгізгіміз келді, бірақ Ресей рубльді енгізуді қалайды, себебі оларда өздерінің валюта саясаты бар. Біздің ойымызша, ортақ валюта евро сияқты болуы керек еді. Бұл ойымыз жүзеге аспады. Мен 2011 жылы аймақта америкалық доллармен есеп айырысудан бас тартып, Гонконг долларымен төлем жасауды ұсындым. Гонконг доллары шын мәнінде еркін айырбасталатын валюта еді. Әлемде Америка долларына тәуелділік бар.
Егер біз бұған 12 жыл бұрын кіріскенде, бұл жүйені ерте қалыптастырар едік, бірақ Ресей де, Қытай да, Гонконг та менің ұсынысымды қаламаған болатын. Қытайлар өзінің юанын, Ресей рублін тықпалады.Екеуі де өз ақшаларының мықтылығына сендірді. Ал Гонконг оған қарсы болды, өйткені олар бұл қадамды Қытайдың ішкі жобасы деп санады, әрі бұл олар үшін қызықсыз болатын. Мен олармен екі рет барып сөйлестім, олардың биржасы мен нақты секторын көрдім. Қытайлық банктердің бөлімшелері біздің ұсыныстыы қолдаса да, Гонконгтің орталық банкінің басшылығы және батыс банктерінің бөлімшелері қарсы болды.
Орталық Азия болашағы туралы
Ауғанстанға көмектесу керек. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі өте маңызды және бұл Ауғанстанға байланысты. Ең басты мәселе – су ресурстары. Су мәселесі біз үшін өте маңызды, мысалы Испанияда бір тонна мақта үшін Түркіменстан мен Қазақстаннан 14 есе аз су жұмсалады.
Ауғанстан су ресурстарын екі есе көп пайдаланатын болса, бұл бүкіл аймаққа үлкен әсерін тигізеді. Бұл мәселе Арал теңізінің жағдайын да күрделендіреу түседі. Сондықтан бізге суды үнемдеу режимін енгізу қажет.
Ауғанстанға каналдардың сапасын жақсарту және су сорғыларын жасау бойынша көмектесуіміз қажет, сонда олар суды үнемдеп қолданады. Егер ештеңе жасалмаса, құмды дауылдар одан әрі күшейе береді. Түркияны мысалға келтіруге болады. Соғысқа дейін Түркия Ирак пен Сириямен ақылдаспастан, Ефрат өзенінде су электр станциялары мен су қоймаларын салуды бастады. Соның салдарынан осы аймақта су тапшылығы білінді. Содан көптеген адамдар үлкен қалаларға көшуге мәжбүр болды, бұл маргиналдануға, білімнің төмендеуіне және діни топтардың күшеюіне алып келді.
Сириялықтар өздерінің соғысын азаматтық соғыс демейді, олар оны «сириялық дағдарыс» деп атайды. Бұл маңызды, себебі басқа дереккөздерде әртүрлі анықтамалар қолданылады. Мысалы, Тәжікстан мен Қырғызстан арасында болған қақтығыс кезінде Қырғызстанның БАҚ-тары оны Тәжікстан жауынгерлерінің басып кіруі деп атады, әрі сол кезде Талибанның қысымымен Ауғанстаннан Тәжікстанға көшкен Солтүстік Альянстың жауынгерлері туралы жазылды.
Таяу Шығыс пен Орталық Азияның табілеміз.