Егін егу карантинге қарамайды
Көктемгі егін егу қажеттігіне байланысты фермерлерге блокпостардан еш кедергісіз өту мүмкіндігі беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы техникасы мен тауарлық-материалдық заттарды жеткізушілердің еш қиындықсыз қозғалысын қамтамасыз етуде тиісті алгоритмді дайындаған. –Облыс әкімдіктері өңір аумағындағы қозғалысқа рұқсатнаманы алудың электрондық порталдарын әзірлеп, іске қосты,– дейді тиісті министрлік.
Аталған өтінімге электрондық форматта кәсіпорын басшысы қол қояды екен. Бұл құжат электрондық базаға енгізіліп, автоматты түрде барлық блокпостарға жеткізілмек. Сондай-ақ блокпостардан өтуге рұқсат етілмек.
Қазақстанның жер ауқымына байланысты көктемгі егіс әр аймақта әрқилы жүреді. Мәселен, оңтүстік өңірлер алғашқы өнімдерін жинауды бастаса, теріскейде жер жырту енді ғана басталады. Коронавирус Қазақстанды 1 мамырға дейін карантинде ұстап тұр.
фото https://pixabay.com/ сайтынан алынды