Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келсе, теңгенің жағдайы не болмақ?

Сұлу Бөлек

  • 22.05.2025

Украина мен Ресей арасындағы ықтимал бейбіт келісім теңгеге қалай әсер етеді? Бұл жөнінде қаржыгер Шыңғыс Айнабеков айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.

"Егер ертең Ресей мен Украина соғысы тоқтап, бейбіт келісім жасалса, рубль күшеймейді. Керісінше, құлдырап кетуі мүмкін. Мұны Қазақстан да сезеді", – дейді маман.

Көпшілік соғыс тоқтаса, экономика жеңілдеп, бәрі оңалып кетеді деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде, бәрі әлдеқайда күрделі. Қаржыгер ретінде түсіндіріп көрейін:

Біріншіден, соғыс аяқтала салысымен Ресей экономикаға ақша құя бастайды — өтемақылар, төлемдер, қайта қалпына келтіру, мемлекеттік жобалар. Бірақ бұл қаржы өндіріс емес, тұтыну секторына кетеді. Ал бұл — инфляцияның айқын жолы.

Екіншіден, егер Ресейге қатысты шектеулер жұмсарып, шекаралар ішінара ашыла бастаса, импорт күрт өседі. Ал импорт — бұл шетелдік валюта. Ал Ресейде валюта тапшылығы бар: түсім азайып жатыр, резервтер шектеулі. Бұл рубльге қысым жасайды.

Үшіншіден, соғысты Ресей ішкі қарыз арқылы қаржыландырды. Енді бейбіт өмірдегі жаңа шығындарды жабу керек. Қайдан ақша алады? Не салықты өсіреді, не ақша басып шығарады. Екі нұсқаның бірі — көбіне ақша басылады. Тағы да — инфляция.

Ал бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Бізде Ресеймен тауар айналымы өте үлкен. Рубль арзандаса, Ресейден келетін тауарлар да арзандайды. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін – қиын жағдай. Олар бәсекеге шыдай алмайды. Соның салдарынан ішкі нарық пен теңге бағамы зардап шегеді.

Сонымен қатар, Ресейдегі инфляция бізге де әсер етеді. Әсіресе құрылыс материалдары, техника, азық-түлік сияқты тауарлар қымбаттайды — бұлардың көбі Ресейден келеді.

Тағы бір маңызды жайт — капитал мен адамдардың қозғалысы. Ресейде қайтадан экономикалық тұрақсыздық басталса, бизнес, ІТ мамандар мен қаржы ағыны Қазақстанға бет алады. Бұл — жалға беру нарығына, қаржы секторына және ішкі тұтынуға қосымша қысым.

Фото: Шыңғыс Айнабековтың жеке парақшасынан

Байланысты жаналықтар

22 мамырға арналған валюта бағамы

22.05.2025

21 мамырға арналған валюта бағамы

21.05.2025

20 мамырға арналған валюта бағамы

20.05.2025

19 мамырға арналған валюта бағамы

19.05.2025

18 мамырға арналған валюта бағамы

18.05.2025

17 мамырға арналған валюта бағамы

17.05.2025
MalimBlocks
22 мамырға арналған валюта бағамы

21 мамырға арналған валюта бағамы

20 мамырға арналған валюта бағамы

19 мамырға арналған валюта бағамы

18 мамырға арналған валюта бағамы

17 мамырға арналған валюта бағамы