Мемлекет басшысы Қытай қарызын төлеу үшін уақыт сұрады

Malim Админ

  • 15.04.2020

Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлауынша, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстанның Қытайдан алған несиесі мәселесін де қозғаған. Жээнбеков Қырғызстанға Қытайдан алған қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді және несие өтеуді жеңілдету жағын қарастыруды сұраған.

Екі ел басшысы телефон әңгіме барысында коронавируспен күрес мәселесі, қырғыз-қытай арасындағы жүк тасымалдауды қалпына келтіру мәселесін талқылаған.

2020 жылдың 31 қаңтар күнгі дерегі бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 616,56 млн долларды құрайды. Оның ішінде сыртқы қарыз көлемі - 3 млрд 874,57 млн доллар. Сыртқы қарыздың басым бөлігін қытайлық "Эксимбанктен" (1,7 млрд доллар) алған.

Ал ашық ақпарат көздеріне қарағанда, 2019 жылғы деректе Қазақстан Қытайға 12,3 млрд доллар қарыз. Күннен күнге жағдайы қиындап бара жатқан елдер Қытайға қарызын енді қалай қайтармақ?

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

14.04.2020
MalimBlocks
Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады