Орталық Азиядағы зейнетақы мөлшері: Қазақстан нешінші орында?

Ең төмен зейнетақы Тәжікстанда – 370 сомони (17 257 теңге).

Аялдар Күнтуған

  • 09.12.2024

              Фото: orda.kz

Орталық Азия елдерінің ресми статистикалық агенттіктерінің мәліметтері бойынша, ай сайынғы орташа зейнетақы төлемдері өңірде 90 мың теңгеден аспайды. Бұл туралыKaktusMedia хабарлады.

Қазақстан тұрғындары аймақта ең жоғары зейнетақы алады. Біздің зейнеткерлердің зейнетақысы орта есеппен 89 275 теңге.

Екінші орында Қырғызстан, онда зейнет жасындағы азаматтарға мемлекет ай сайын орташа есеппен 9 379 сом (шамамен 55 мың теңге) төлейді.

Ең төмен зейнетақы Тәжікстанда – 370 сомони (17 257 теңге).

Орталық Азия елдеріндегі зейнетақы рейтингі келесідей:

1 орын –Қазақстан – 89 257 теңге айына;
2 орын – Қырғызстан – 9 379 сом айына (54 965 теңге);
3 орын – Өзбекстан –1,2 млн сум айына (47 560 теңге);
4 орын – Тәжікстан – 370 сомони айына (17 257 теңге).

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына сәйкес, келесі жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 62 771 теңге болатыны жоспарланған.

Байланысты жаналықтар

Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

07.12.2024

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

25.07.2024

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

25.06.2024
MalimBlocks
Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

Егер 1994 жылғы девальвация болмаса, қазіргі уақытта теңге курсы 500-ге жетпес еді, әрі оған қатысты әңгімелерде «200-ге жете ме?» деп талқылап жатқан болар едік.

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

Бұл шектеу 10 тамыздан бастап алты айға созылмақ.

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

3 трлн теңгеден астам қаражат зейнетақы қорынан ерте шешіліп алынған