Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өтемұратов RBK мен Еуразиялық банктерді сатып алмақ

Экономика
Өтемұратов RBK мен Еуразиялық банктерді сатып алмақ

ForteBank еліміздегі RBK BANK пен Еуразиялық банкті сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Malim.kz "PRO кадрлар KZ" телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ресейлік "Банкста" телеграм-арнасының ақпаратына сәйкес, қазір due diligence процесі басталып, баға бойынша алдын ала ұсыныстар жасалды, – делінген хабарламада.

Егер келісім жасалса, ForteBank отандық Halyk Bank және Kaspi Bank қатарына қосылып, Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді. Бұл өз кезегінде ForteBank үшін нарықтағы позициясын едәуір нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, "ForteBank" АҚ-ның 81,82%-ы Болат Өтемұратовқа тиесілі, ал тағы 7,5%-ын оның ұлы Алидар Өтемұратовтың иелігінде.

Фото: ForteBank

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу