Қазақстанның 14 өңірінде инфляция күшейді

Арман Қайыпхан

  • 18.02.2025

Қаңтарда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,9% болды (2024 жылғы желтоқсанда – 8,6%). Жылдық инфляция 14 өңірде қарқын алып, 6 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,8%-ға дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) макисмалды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 8,3%). Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.

Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді (2024 жылғы желтоқсанда – 13,3%). Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Бұл ретте, ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025

2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

27.02.2025

20% құн салығына қарсы петиция жарияланды

04.02.2025

Бүгін доллар қаншадан саудаланып жатыр?

03.02.2025

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында

28.01.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады

2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

Инфляция бір жыл көлемінде сақталады

20% құн салығына қарсы петиция жарияланды

Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр.

Бүгін доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Бұрынғы ұстанымдар енді жұмыс істемейді – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк жұмысы жайында