2026 жылы инфляция 12 пайызға баруы мүмкін

Инфляция бір жыл көлемінде сақталады

Malim Админ

  • 27.02.2025

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға көтеру инфляцияға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл шаралар қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы инфляция болжамына қосымша 2,5-3 пайыз үстеуі мүмкін деп отырмыз. Сонда былтыр инфляция деңгейі 8,6 пайыз болса, соған 2,5 пайыз қоссақ, 2026 жылы инфляция шамамен 12 пайыз өсім болады. Бірақ бұл инфляция да қысқа мерзімді болады. Яғни, бір жыл көлемінде сақталады. Ал 2027, 2028 жылдары қалпына қайтып келеді. Бұл болжамды есептеудің барша модельдері растады, - деді -вице-министр.

Сондай-ақ, ол ұсынылған түзетулердің бәрін өңір-өңірде 2,5 мыңнан астам кәсіпкермен талқылап келгендерін еске салды.

Реформа жасардың алдында бүкіл өңірлерге барып қайттық. Бизнес қауымдастықпен талқылау жұмыстарына 6 жұмыс тобы атсалысқанын білесіздер. Осы жұмыс аясында 2,5 мыңнан астам жеке кәсіпкермен және жеке шаруашылық басшыларымен кездестік. Олардың бүкіл ұсыныстарын тыңдап, жазып алдық. Қазір сол ұсыныстарды талқылау жүріп жатыр. Мәжілістің осы мәселеге байланысты құрылған жұмыс тобында да осы мәселелерді терең пысықтаймыз деп ойлаймын, - деді Азамат Әмрин. 

Еске салсақ, 20 ақпанда Мәжіліске Салық кодексінің түзетілген жобасы енгізілген еді. Бүгін сол құжатты пысықтайтын Мәжілістің жұмыс тобы іске кірісті.

Кодекстің жаңа редакциясындағы негізгі түзетулер мыналар:

➤ Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін; 
➤ Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
➤ Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады. 

Фото: pixabay.com  

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 14 өңірінде инфляция күшейді

18.02.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

11.02.2025

"20 пайыз тым көп". Тоқаев үкіметке қайта қарауды ұсынды

07.02.2025

Серік Жұманғарин ҚҚС-ның кімдерге қатысы болмайтынын айтты

06.02.2025

Ел Үкіметі шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

06.02.2025

20% құн салығына қарсы петиция жарияланды

04.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 14 өңірінде инфляция күшейді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 8-ші хат

Қарағандының 15 шахтасын гoлландықтар сатып алған, сoларды сақтап қалды дeп қуанып жүрмiз. Eкiбастұзды да сатып жiбeрдiк. Ал, oлардың бiр жылда өндiрeтiн 50 миллиoн тoнна көмiрiн əр тoннасын 10 дoллардан сатса, бiр жылдың өзiндe 500 миллиoн дoллар түсiрмeй мe? Oлар oсыны көрe, жылына 100 миллиoн дoллар бөлiп oтыр. Бүкiл Қызылoрданың үмiтi бoлған Құмкөлдi дe сатып жiбeрдiк.

"20 пайыз тым көп". Тоқаев үкіметке қайта қарауды ұсынды

Тоқаев: Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары

Серік Жұманғарин ҚҚС-ның кімдерге қатысы болмайтынын айтты

Ел Үкіметі шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

 Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды.

20% құн салығына қарсы петиция жарияланды

Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр.