Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Malim Админ

  • 11.04.2025

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайызбен жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.


Ұлттық банк таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10%-ке дейін жеделдеген.

Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші – қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түскен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады., – деп жазады Ұлттық банк мәліметінде.

Сондай-ақ, әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуы және Ресейдегі екі таңбалы инфляцияның сақталуы да базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейде қалдыруға түрткі болған.

2025 жылы қаңтар-наурыздағы жылдам деректерге сәйкес экономика ж/ж 5,8% өсім көрсетті. Бұл өсім көлік (21,0%), құрылыс (16,9%), өңдеу өнеркәсібі (8,7%), тау-кен өндірісі (6,1%) және сауда (6,3%) салаларындағы белсенділікке байланысты болды.

Ішкі сұранысқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруы, тұтынушылық кредит беру және халық табысының ұстамды өсуі қолдау қөрсетеді. Дегенмен, 1-тоқсанда тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеу белгілері байқалуда. Бұл 2024 жылғы қазандағы 19,3%-тен кейін ақпанда 5,1%-ке дейін бөлшек сауда айналымының баяулау деректерімен, сондай-ақ сауалнамаларға сәйкес ірі сатып алулар индексінің төмендеуімен расталады, – делінген түсіндірмеде.

Фото: Ұлттық банк

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

08.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

06.05.2025

Ұлттық банк 6 мамырға арналған валюта бағамын ұсынды

06.05.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

Ұлттық банк 6 мамырға арналған валюта бағамын ұсынды