Құрылысына 4,5 млрд жұмсалған кешенді бұзғалы жатыр

Malim Админ

  • 02.02.2021

Алматыда құрылысына 4,5 млрд теңге жұмсалған логистикалық орталық сот шешімімен бұзылғалы жатыр. 1200 адам жұмыс істейтін кешенді Қорғаныс министрлігі сотқа беріп, жер телімін қайтаруды талап етуде. Логистикалық орталықтағы басқарушы компания басшысы болып қызмет істейтін Қайролла Әлішевтің сөзінше, Қорғаныс министрлігі құрылыс жүріп жатқан уақытта да, кешен іске қосылған кезде де хат ескерту хат жолдап, ешқандай байланысқа шықпаған. Тіпті сотқа шағымдануларындағы уақыт алшақтығы он жылға дейін созылған.

Қайролла мырза, логистикалық орталықты Қорғаныс министрлігінің сотқа бергеннен бастасақ. Сот кешенді үш айдың ішінде бұзуға шешім шығарыпты. Осы жөнінде айтып берсеңіз.

Алғаш рет қорғаныс министрлігі сотқа 2008 жылы жүгінген. Алайда, 2009 жылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (МАЭС) шешімімен  «GEGA» ЖШС адал сатып алушы болып танылды. Министрліктің одан кейінгі жер телімін босатуға мәжбүрлеу туралы сотқа жүгінуі  он жыл өткеннен кейін, яғни 2018 жылы болған. Алайда, істі қарау нәтижелері бойынша 05.02.2019 ж.  МАЭС ҚР ҚМ талап-арызынан бас тарту туралы шешім шығарылды. Алматы қалалық соты алқасының 22.05.2019 жылғы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, яғни заңды күшіне енді. Бірақ содан кейін ҚР ҚК 02.10.2019 жылғы қаулысымен жоғарыда көрсетілген сот актілері жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңа қарауға жіберілді. Істі МАЭС-те қарау нәтижелері бойынша ҚР ҚМ 10.02.2020 ж. қайтадан талап қоюдан бас тартылды. Алматы қалалық соты алқасының 27.07.2020 жылғы қаулысымен МАЭС-тің 10.02.2020 жылғы шешімі жойылып, ҚР ҚМ талабы қанағаттандырылды. Сотпен ХП ЖШС және Gega ЖШС Суйнбай көшесі 258/4 мекен-жайындағы жер телімінде тұрғызылған құрылыстарды бұзып, 28.10 2020 мерзімінде бос емес жер телімін босатуды міндеттеу туралы қаулы қабылданды. Қазіргі уақытта осы қаулыға 27.07.2020 ж. жоғарыда көрсетілген қаулыны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ұсыныс енгізу туралы өтінішхат берілді... Орталық 2015 жылы ашылғаннан бері жоғары санаттағы мыңнан астам маманды жұмыспен қамтыды, халықаралық стандартқа сәйкес оқытып, қайта даярлап шықты. Енді келіп бес жыл жемісті жұмыс істеп тұрған орталықтың Алматы қалалық сотының ұйғарымымен «сүрілсін» деген шешімі шыққанда, бәрінің төбесінен жай түскендей болды.

Сіздер жер телімін Алматы қаласының әкімдігінен 2005 жылы сатып алыпсыздар. Сонда сотта сол кезде берілген жердің құжаттары қаралып, ескерілмеді ме?

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 1940 жылдан бастау алған құжаттарға сәйкес, қойма орналасқан жер қорғаныс министрлігінің меншігі саналады. Кеңестік империя күйреп, Түркістан әскери округі таратылғанда әлгі жер де ұмыт қалған. Тәуелсіздіктен кейін жасалған құжат негізінде 2005 жылы «Global Ecological Group Almaty» «GEGA»  ЖШС 15 га жер учаскесін қала әкімдігінен сатып алған. Жердің құжаттары толық және заңды екені қарастырылды.

Кешенді салатын кезде ол жердің Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін білген жоқсыздар ма? Министрлік сол уақытта хат жолдап, ескерту жасаған жоқ па?

Кешен құрылысы басталған жылы да, құрылыс жұмысы аяқталып іске қосылған жылдарда да Қорғаныс министрлігі тарапынан  арнайы хаттар болған жоқ.

Логистикалық орталықтың құрылысы 2007 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілген. Орталық «А+» санатына жатады. 2020 жылы кешен бюджетке 300 млн теңге қаражат құйған.

Байланысты жаналықтар

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

05.02.2025

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

03.02.2025

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

03.02.2025

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

03.02.2025

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

02.02.2025

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді

30.01.2025
MalimBlocks
Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

Шымбұлақта ішімдік ішкен шетелдіктер қызметкерге шабуыл жасады

Полиция тәртіп бұзған 5 адамды ұстаған

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралады

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматыда шетелдіктен 2 мыңдай sim-карта тәркіленді