Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Украина Ұлттық банкінің төрағасы Андрей Пышный елде доллардың орнына еуроны базалық валюта ретінде қабылдау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz UNN агенттігіне сілтеме жасап.
Reuters агенттігіне берген сұхбатында Пышный Еуропалық Одаққа кіру перспективасы, "ЕС-тің елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі рөлінің артуы, жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық пен әлемдік саудадағы фрагментация қаупі" Украина Ұлттық банкін еуроның базалық валюта болуы тиіс пе деген сұрақты қайта қарауға итермелеп отырғанын айтты.
Оның сөзінше, Украинада АҚШ долларымен операциялар әлі де барлық валюта нарығында басымдыққа ие. Дегенмен, еуромен жасалатын мәмілелердің үлесі біртіндеп өсіп келеді.
"Соғыстың тез аяқталуы, егер ол Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін қамтыса, сөзсіз оң сценарий болар еді және жақсы экономикалық нәтижелерге әкелер еді. Алайда соғысты тоқтату экономикалық тиімділіктің толық іске асуына біршама уақыт қажет болатынын мойындау маңызды", – деп түйіндеді Украина Ұлттық банкінің төрағасы.
Үкімет отырысында Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль де, соғыс жағдайына қарамастан, ел экономикасы біртіндеп қалпына келіп жатқанын атап өтті.
Фото: АР