457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте 2025 жылғы 19 мамырда Қазақстанның Ұлттық қорына қатысты қауіп-қатер тәуекелдеріне тоқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрлан Нұржанов бюджеттің атқарылу барысыы бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсеткенін баса атап өтті. 

"2024 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8% -ды құрады, бұл Үкімет алдына қойған болжамдық деңгейден төмен. Меншікті инвестициялар көлемінің 257 млрд теңгеге немесе 7%-ға төмендеуі байқалды. Бұл ретте инвестициялар шикізат нарықтарының құбылмалылығы мен бюджеттің жай-күйіне сезімтал келетін бюджеттік түсімдерге жоғары тәуелділігі сақталуда, бұл ұзақ мерзімді инвестициялық саясаттың орнықтылығы үшін белгілі бір тәуекелдерді туғызады. Бұл жағдайда Қазақстан экономикасы қиын жағдайға тап болды деп айтуға болады", – деді ЖАП мүшесі.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Ұлттық қор қаражаты тәуекелді бюджет шығыстарының орта есеппен 30%-ын, ал 2024 жылы 23%-ын жапқан. Бұл ретте Ұлттық қорға 3,8 трлн теңге мөлшерінде түсімдер ккеліп түскенімен, республикалық бюджетке бағытталған трансферттердің мөлшері 40%-ға ұлғайып, 5,6 трлн теңгені құраған. 

"Инвестициялық табыс 5 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың қорытындысы бойынша оң сальдоны қамтамасыз етті. 2024 жылы Ұлттық қорға келіп түскен тікелей салық түсімдері 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеді. Себебі осындай салық төлеуге міндетті ұйымдардың саны 8,5 есеге қысқарды. Қол жеткізілмеген шығындар шамамен 166 млрд теңгені құрады. Осы орайда 2030 жылға қарай тапсырманы 100 млрд долларға дейін орындамау қаупі бар", - деп толықтырады сөзін Нұрлан Нұржанов.

Фото: pixabay.com