«Жұбайының рұқсаты керек»: Несие ала алмағандар не істеуі керек

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Берік Дәулетов

  • 11.07.2024

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жұбайының келісімі қажет болатын кредиттің немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту және келісімді алу қағидалары туралы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК – 3692 теңге) банк қарызы немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе тұтынушылық микрокредиттің ең төменгі мөлшері бекітілсін, - делінген қаулы жобасында.

Яғни несие сомасы 3 692 000 теңгеге тең немесе одан асса, күйеуінің немесе әйелінің келісімі қажет болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсіндіргендей, кредит берерде отбасының бұған дейін алған және төлеп жатқан қарыздары ескеріледі.

Мәселен, ерлі-зайыптының 500 АЕК (1 846 000 теңге) кредиті болса, күйеуі банктен тағы 500 АЕК несие алғысы келсе, онда міндетті түрде әйелі оған өз келісімін беруі қажет.

Банк жеке тұлғаға кредит беру туралы шешім қабылдағаннан кейін азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі арқылы оның жұбайы туралы ақпаратты тексереді.

Жұбайының келісімі жазбаша еркін нысанда қағазда не электронды түрде ресімделеді.

Келісімде мына мәліметтер көрсетіледі:

келісімнің ресімделген күні;

клиент және оның жұбайы  туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірі;

кредит туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің көлемі (жылдық пайызбен не белгіленген сомада), дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу арқылы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

Қағазға жазылған келісімге клиенттің жұбайы немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамы қол қояды. Ал электронды келісім кредитордың қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымы не клиенттің жұбайын биометриялық идентификаттауды қамтамасыз ете отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Электронды келісімді клиенттің жұбайы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімді алған уақыттан бастап 48 сағат ішінде куәландырады.

Осы қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулы жобасы 24 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.

Фото:kn.kz

Байланысты жаналықтар

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Қазақстанда 9 банк жабылуы мүмкін

01.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025
MalimBlocks
5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 9 банк жабылуы мүмкін

Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылуы мүмкін

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан