«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Мадина Қайнарова

  • 21.10.2024

Шымкент көкөніс, жеміс-жидегімен еліміздің аумағында ғана емес, басқа елдерде де танымал. Бұл қаланы «жылыжайлар астанасы» деп те атайды. Себебі шымкенттік жылыжайлар жылдың төрт мезігілінде де Қазақстанның барлық өңірлерін өз өзнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ шетелдерге де экспортталады.

Шаһардағы жылыжайлар «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында салына бастаған болатын.

Биыл тамыз айында Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі қызанақ өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысын бастау туралы шешім қабылданды.

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ. Бұл жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту, өсімдік шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу және дамыту тапсырмасын іске асыру барысында маңызды рөл атқарады.

Құны $650 млн болатын инвестициялық жобаны «Alarko Holding» түрік компаниясы жүзеге асыруда. Айта кетсек, бұған дейін 2023 жылы Alarko Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара түсіністік туралы Меморандум жасасып, Тараз, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында жер учаскелерін іздеуге кіріскен еді. Түрік компаниясы жылыжайларда жемістерді қосалқы өсіруге, органоминералды тыңайтқыштарға, өнімді өңдеуге және сатуға және ауылшаруашылық технологияларына назар аударып отыр.

Шымкенттегі жаңа жылыжай кешенінде қияр, қызанақ, бақша дақылдары, тамыр жемісті көкөністер мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін өсіру жоспарланған. Бұл қаладағы қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешені болмақ.

Қазіргі таңда инвестор жер жұмыстарын жүргізіп жатыр, кезең-кезеңімен бетон құю мен болат конструкцияларын монтаждауға кіріседі. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы аяқталады.

- Ауқымды инвестициялық жобаның құны 650 млн АҚШ долларын құрайды, ал жалпы ауданы 650 гектар. Жобаның бірінші кезеңі іске қосылғаннан кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, толықтай аяқталған соң 5 мың жұмыс орны құрылады. Кешен жылына 155 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өндірілген ауылшаруашылық өнімдерімен ең алдымен қала тұрғындары қамтылады. Сондай-ақ тауарлар еліміздің өзге де аймақтары мен шет мемлекеттерге жөнелтіледі, - деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Жақында ғана құрылыс жұмыстарының барысымен танысып қайтқан шаһар басшысы жобаны жылдам жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым қуатын арттыру үшін жауапты тұлғаларға толық қолдау көрсетуді тапсырған еді.

Айта кетсек, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр.

Ауқымды жобаны жүзеге асыру жылыжай шаруашылығын дамытуға ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістер енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Шымкенттегі болашақ жылыжай кешенінің перспективасы жайлы Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ақпар Мәуленовтен пікір алдық.

- Шымкенттің табиғат жағдайы жылыжайға қолайлы. Сол үшін ол жаққа мұндай кешен қажет. Үлкен кешенде өнім де көп алынады. Көп алынса, оның өзіндік құны да арзан болады. Яғни, халыққа тиімді. Ұсақ жекелеген жылыжайларға қарағанда, мұндай ірі кешендерге басымдық беру керек. Ірі кешеннің мүмкіншіліктері де, айналым қаражаты да көп болады. Онда қызанақ ғана емес, нарықта қандай өнімге сұраныс бар, соны өсіріп, игереді. Болашақта перспективасы жақсы болмақ. Өйткені бізге күзде және қыста көкөністің барлығы шеттен келеді - Өзбекстаннан, оңтүстік жақтан. Ал Шымкенттің климат жағдайы Өзбекстанға ұқсас. Өзімізде өсіріліп, өзімізде өндіріліп, өзіміздің халқымыз тұтынатын болады. Бұл көкөністің бағасына да әсер етеді. Халық үшін баға арзандайды, - дейді Ақпар Мәуленов.

Сонымен қатар ол Қазақстанның жылыжай кәсібін дамытып, көкөніс өсіру үшін мүмкіндігі мол екенін айтып отыр.

- Біздің жер алқабымыз үлкен, бос жерлер жеткілікті, сондай-ақ Үкіметтің жылыжай салуға беретін инвестициялық субсидиялары бар, ол да көмек. Бізде тек жылыжайды жылыту жағынан ғана қиналады. Сондықтан жылыжайларға электр энергиясының бағасын арзандатса, сосын көмірмен, газбен де жылытады, ол жағынан да қандай да бір көмек болса. Ал жалпы айтқанда жылыжайлардың болашағы зор. Тек оңтүстікте ғана емес, басқа өңірлердің де жылыжай кәсібін дамытуға мүмкіндігі бар. Бірақ солтүстікте суық мезгілдер ұзақ болғандықтан, оларды жылыту үшін шығын көп кетеді, сәйкесінше өнімнің де бағасы қымбаттау болады. Яғни, бұл жағынан оңтүстікке басымдық берген тиімдірек. Олар бүкіл елді өніммен қамти алады, - деді Ақпар Мәуленов.

Фото: @akimat_shymkent

 

Байланысты жаналықтар

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

В Шымкенте отметили 80-летие переселение турок-ахысов в Казахстан

30.11.2024

Доллар құны 500 теңгеден асты

27.11.2024

Шымкентте граната жарылысынан курсанттар жарақаттанды

26.11.2024

Алаяқ полицейлер ұсталды

18.11.2024

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт

14.11.2024
MalimBlocks
Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

В Шымкенте отметили 80-летие переселение турок-ахысов в Казахстан

Сегодня в третьем мегаполисе проживают 7000 турок-ахысов

Доллар құны 500 теңгеден асты

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге

Шымкентте граната жарылысынан курсанттар жарақаттанды

Алаяқ полицейлер ұсталды

«Қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған

В Шымкенте к природному газу подключили еще один населенный пункт