freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-президентті сот отырысы кезінде ауруханаға алып кетті

Әлем
Экс-президентті сот отырысы кезінде ауруханаға алып кетті
https://arbatmedia.kz/

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарянды Антикоррупциялық соттағы отырыс кезінде дәрігерлердің ұсынысымен ауруханаға жеткізді. Бұл туралы оның ұлы, парламент депутаты Левон Кочарян мәлімдеді. Оның айтуынша, сот отырысы адвокаттардың қатысуымен жалғасып жатыр.
Кочарян 25 тамызда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған. Сол күні оның денсаулығы нашарлап, қан қысымы көтерілгеннен кейін жедел жәрдем шақырылып, экс-президент медициналық мекемеге жеткізілген. Бұл ақпаратты Арменияның Антикоррупциялық комитеті растаған.
26 тамызда Кочарян ауруханадан Антикоррупциялық комитетке, кейін сотқа жеткізілген. Тергеу оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, аса ірі көлемде пара алды және ақшаны заңдастырды деп айыптап отыр. Кочарян бұл істер бойынша сот шешімі шыққанға дейін кінәлі деп танылған жоқ.
Кочарян Армения президенті қызметін 1998-2008 жылдары атқарды. Қазіргі уақытта ол елдегі негізгі оппозициялық күштердің бірі саналатын «Армения» альянсын басқарады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу