freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде мобильді байланыс тарифтері қымбаттады

Қоғам
Елімізде мобильді байланыс тарифтері қымбаттады
istockphoto

Қазақстанда мобильді байланыс қызметтерінің құны наурыз айының қорытындысы бойынша тағы да өскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы нарықтық сарапшылар мен ресми статистика деректері мәлімдеді.

ҚР Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, наурыз айында қоңырау, интернет және SMS қамтитын кешенді тарифтердің абоненттік төлемі шамамен 10 пайызға қымбаттаған. Дегенмен, бұл өсім жалпы инфляция деңгейінен төмен, яғни баға өсімі салыстырмалы түрде баяу қарқынмен жүрген.

2026 жылғы наурыз соңындағы дерек бойынша елде 27 миллионнан астам мобильді байланыс абоненті тіркелген. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде шамамен 4 пайызға, ал соңғы бес жылда 14 пайызға артқан.

Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді, әсіресе интернет-трафикке деген қажеттілік жоғары.

Сонымен қатар алдағы уақытта кейбір маңызды онлайн-қызметтер мен қосымшалар теріс баланс жағдайында да пайдаланушыларға қолжетімді болуы мүмкін екені айтылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу