freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізетін болды

Қоғам
Елімізде наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізетін болды
ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандағы наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған деректер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу