Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елордада жасөспірімді тонаған екі оқушы сотталды

Құқық
Елордада жасөспірімді тонаған екі оқушы сотталды

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің мүлкін тонағандарға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала сотының мәлімдеуінше, олар жәбірленушіні ұрып-соғып, ұялы телефонын, күміс сақинасын және жемпірін тартып алып, жалпы құны 500 мың теңге материалдық залал келтірген.

Сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Сот айыпталушылардың бірінің қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелетке толғанын ескере отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екінші сотталушы кәмелетке толмаған және залалды өз еркімен өтегендіктен, ол 1 жылға бас бостандығын шектелді.

Фото: egov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу