Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елшілік күзеті Ресей мен Иранның пайдасына тыңшылық жасаған

Әлем
Елшілік күзеті Ресей мен Иранның пайдасына тыңшылық жасаған

IMAGE: US Embassy Oslo Facebook /euronews.com

Бұл туралы Euronews арнасы хабарлапты.

Норвег мемлекеттік телерадокомпаниясы таратқан ақпаратқа қарағанда, 28 жастағы ер адам АҚШ-тың Норвегияlағы елшілігі туралы мәліметтерді сыртқа тасыған. Ол Ресей мен Иран тарапына - дипломаттар, ғимарат қабаттарының орналасу сызбасын, қауіпсіздік ережелерін беріпті.

Айыпталушы Ослодағы АҚШ елшілігін күзеткен екен. Сот үкімімен ол 3 жыл 7 ай жағаза кесіліп отыр. Өз кезегінде, айыпталушы осындай мәліметтерді бергенін мойындағанымен, өз әрекеттерін қылмыс деп есептемейді екен.

Прокурорлардың айтуынша, айыпталушының сатқындық жасауына - Израиль мен АҚШ-тың өзара байланысы мен Газадағы соғыс түрткі болыпты.

Айыпталушының адвокаттары болса, айыпталушының еш кінәсі жоқ, бар болғаны өзін маңызды сезініп көргісі келеді депті. Олардың айтуынша, айыпталуышының елшілікке кіріп-шығу құқы еден жуушыдан артық болмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу