Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Емі жоқ вирус. Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

Денсаулық
Емі жоқ вирус. Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
madhyamamonline.com

Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанда тараған қауіпті Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, бұл вирусты жұқтыру, оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелмеген.

“Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.
Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады”, – деді ведомство. 

Министрлік сонымен қатар, егер инфекция бізге жеткеннің өзінде медициналық ұйымдардың дайын екенін алға тартты.

“Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді. Дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды. Инфекцияның таралуын алдын алу үшін эндемиялық елдерге сапарға шығатын адамдарға жеке профилактика шараларын сақтауы ұсынылады. Сапардан оралғаннан кейін ауру белгілері пайда болса, дереу дәрігерге хабарлап, медициналық көмек алу қажет”, – делінген хабарламада. 

Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан тарайды. Сондай-ақ осы вируспен ауырған адаммен тығыз байланыс кезінде де жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.

Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін.
Министрлік бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ екенін алға тартты. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу