Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді коучтар мен блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң күшіне енеді

Құқық
Енді коучтар мен блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң күшіне енеді
freepik.com

Елімізде әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда жарияланатын білім беру және оккульттік мазмұнды міндетті түрде белгілеу туралы бастама көтерілді. Мұндай түзетулер Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасына енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Заң жобасы “Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы” заңның 16-бабын толықтырған. Оған сай, кез келген салаға байланысты оқыту курстары немесе білім беру материалдары жарияланғанда, мұндай контентте міндетті түрде автордың білімі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс, ол диплом немесе сертификат жөніндегі мәліметтер болуы мүмкін. Құжатта:

“Оқыту материалдарын орналастыру кезінде автордың білімі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс” деп жазылған.

Бұл талап орындалмаса, жарияланған материал заңбұзушылық болып есептеледі. Яғни блогерлер, коучтар және кез келген оқыту курстарының авторлары өздерінің кәсіби біліктілігін ашық көрсетуге міндеттелмек.

Оккульттік контентті белгілеу

Заң жобасында оккульттік қызметтер немесе онымен ұқсас басқа қызметтер туралы ақпаратты қамтитын контент таратылған жағдайда, мұндай материал міндетті түрде тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын және ғылыми немесе практикалық растамасы жоқ екенін көрсететін ескертумен жариялануы қажет. Құжатқа сәйкес:

“Оккульттік практикаларға қатысты материалдар орналастырылған кезде олардың сипаты туралы ескерту беріледі”.

Бұл мұндай контент міндетті белгімен жариялануға тиіс дегенді білдіреді. 

Сондай-ақ, түзетулерге сәйкес, онлайн платформаларда бес мыңнан астам жазылушысы бар анонимді пайдаланушылар өздерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді уәкілетті органға жіберуге міндеттеледі.

Уәкілетті органның құзыреті кеңейтіліп, оған келесі міндеттер берілген:

онлайн платформаларды бақылау ережелерін бекіту;

интернет-ресурстарға, онлайн платформалар мен жедел хабар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу ережелерін енгізу;

бес мыңнан астам жазылушысы бар анонимді пайдаланушылардың тізілімі жүргізіледі және ол өз анықтаған тәртібі бойынша сақталады.

Белгі не үшін қажет?

Министрліктің мәліметінше, өзін “маман” деп атайтын коучтар мен “инфосыған” блогерлер оқырмандары автордың нақты білімі бар-жоғын білуі қажет. Бұл “қауіпсіз әрі шынайы ақпараттық орта қалыптастыру” және азаматтарды адастыру ықтималдығын төмендету мақсатындағы шара.

Түзетулер 2025 жылғы 28 қаңтарда президенттің тапсырма аясында әзірленген. Ол тапсырма онлайн платформалардың деструктивті және жалған ақпарат таратуына жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Қалай жұмыс істейді?

Жүйе былай қарастырылған:

Автор өзгені оқытатыны туралы материал жарияласа, білімін көрсетуге тиіс;

Контент оккульттік тақырыпқа қатысты болса, міндетті ескерту енгізіледі;

Платформалар бұл белгілерді орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек;

Талап орындалмаса, уәкілетті орган тарапынан шара қолданылуы мүмкін.

Белгілеу тәртібі мен форматы министрлік кейінірек бекітетін жеке ережемен анықталады.

Қандай платформаларға қатысты?

Бұл талаптар заңды күші бар барлық платформаға қатысты болады: әлеуметтік желілер, видеохостингтер, блог-платформалар, қолданушы контенті бар маркетплейстер және басқа да сервистер. Жобада ешқандай ерекшелік қарастырылмаған.

Нарыққа қалай әсер етеді?

Бұл түзетулер:

білім беру контентінің айқындығын арттырады;

жалған ақпараттың “оқыту” деген атпен таралуын азайтады;

барлық автор үшін бірыңғай талап қалыптастырады;

бюджетке қосымша шығын салмайды және теріс әлеуметтік әсері жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Динара Наумова коучтар мен бизнес тренерлердің тиімділігіне күмән келтіріп, салада стандарт пен сертификаттаудың жоқтығы алаяқтыққа жол ашатынын айтқан еді.

Сондай-ақ қазақстандықтар ерлі-зайыпты блогерлерден Wildberries бойынша курс сатып алып, алданып қалғанын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу